қазақша · русский · english
 
 
 
07.12.2021

Шетелдік кеңесшімен семинар

 

2021жылдың 6  желтоқсанында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен Анкара Қажы Байрам Вели университетінің арасында: «Turik-Islam duniyetanimi, Türk-Islam dünyasının ortak düşünce yöntemi» тақырыбында ғылыми-тәжірибе алмасу семинары өтті.

 

Ғылыми семинарды Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Рүстем Кәмшат ашып, кафедраның 3-курс PhD докторанты Алиев Мэлс Тұрсынұлының шетелдік ғылыми кеңесшісі, ғылыми-тәжірибе алмасу семинарының негізгі спикері, Анкара Қажы Байрам Вели университетінің профессоры Осман Шимшекті таныстырып өтті.

 

 Баяндамашы, профессор Осман Шимшек түркі дүниясы мен ислам әлемінің дүниетанымына тереңірек тоқталып, өзінің «Tevhidi düşünce» - атты кітабының ғылыми-әдіснамалық тәжірибесімен бөлісті.

 

Ғылыми семинар барысында Әлем тарихы кафедрасының профессорлары, Cүтеева Ханзада, Тулекова  Мереке, оқытушы Таспулатова Қалдыгүл  семинардың тақырыбы аясында өздерінің пікірлерін білдірді. Ғылыми семинарға қатысушы оқытушылар мен докторанттар, студенттер тарапынан  сұрақтарын қойып, белсенді пікір алмасу түрінде өтті.

 

   

 

       




Кері оралу