қазақша · русский · english
 
 
 
31.01.2022

Тарих және құқық институтының профессоры - «ЖОО үздік оқытушысы-2021» атағының иегері


Тарих және құқық Институты «Құқықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Несібелі Қалқаева «ЖОО үздік оқытушысы-2021» конкурсының жеңімпазы атанды.


Н.Б.Қалқаева Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Құқықтану» кафедрасында 2008 жылдан бері қызмет етіп келеді, студенттермен жұмыс жасауда жоғары жауапкершілігімен және асқан адалдығымен ерекшеленеді. Профессор 130 - ға жуық ғылыми еңбектің, 2 монография - қазақ тілінде, 1 - ағылшын тілінде, 2 оқу құралы қазақ тілінде, 1-орыс тілінде, 4 электрондық оқу құралының авторы. 6 ғылыми мақаласы импакт-фактор журналының Scopus базасында жарық көрген. Хирша Индексі - 1 (Scopus). ҚазҰПУ хабаршысы «Юриспруденция» сериясы журналының жауапты хатшысы.

 

Әріптесіміздің бүгінгі жеңісі - ғылым мен білім саласындағы үлкен еңбегінің жемісі деп білеміз! Несібелі Бақытқызына, толағай табыстар мен асқаралы асулар тілейміз!

 

   




Кері оралу