қазақша · русский · english
 
 
 
24.02.2022

Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасы күні бүгінге дейін өзекті

 

2022 жылдың 23 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметіне арналған танымдық-тәрбиелік вебинар өткізді. Вебинарды Тарих және құқық институтының директоры Әділ Джунусов және саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков кіріспе сөзбен ашты.

 

Вебинар жұмысына университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері және Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Абай атындағы қазақ орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары да қатысты. Вебинар барысында ғылыми-танымдық баяндамалар тыңдалып, оқушылар ағартушының шығармаларын көркемдеп оқыды. Жиын соңында қатысушыларды марапаттап, алғыс хаттар табыс етілді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу