қазақша · русский · english
 
 
 
28.03.2022

Тарих және құқық институтында студенттік ұйымдар таныстырылымы өтті

 

2022 жылдың 28 наурызында Тарих және құқық институтында «Ozgeert Sen» және «Taspa» ұйымдарының бірінші курстарға таныстырылымы болып өтті.

 

Таныстырылым барысында институт директоры А.М. Джунусов студенттерге студенттік өмірі туралы қызық естеліктермен бөлісіп, болашақ студенттермен, ұйымдарға сәттілік тіледі. Келесі кезекте сөз кезегі Тарих және құқық институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Б. Манапбаевқа берілді.

 

Н.Б.Манапбаев Тарих және құқық институтының қысқаша тарихында тоқталып, қазіргі ұйымдардың атқарылып жатқан іс-шаралары туралы айтып берді. Сонымен қоса, ұйым басшыларымен және ұйым мүшелерімен таныстырып, алдағы мақсат, жоспарларымен бөлісті.

 

Ұйымдар өз өнерлерімен бөлісіп, студенттерді өз қатарларына шақырды. Іс-шараның соңын «Бір үйдің баласындай» әнімен аяқтады.

 

   

 

   

 

 

   




Кері оралу