қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2022

«Масс-медиа, технологиялар және қоғам» ашық семинар сабағы


2022 жылдың 9 сәуірінде «Ғылым декадасы» аясында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі Айгерім Сарыбаеваның ұйымдастыруымен «Масс-медиа, технологиялар және қоғам» тақырыбында «Тарих-география» және «География» мамандықтарының 2-ші курс студенттерінің қатысуымен ашық семинар сабақ өтілді. Ашық семинар сабаққа саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушылары Тасыбекова М.Е., Карибаев О.О. және кафедра хатшысы Жанар Тайыржанқызы қатысып, өз пікірлерін білдірді. Ашық семинар сабақтың мақсаты - БАҚ және технологиялардың әлеуметке тигізетін әсерін талқылау. Ашық семинар сабақта оқытудың топтық, кейс study, коучинг, талдау, оқытудағы интербелсенді әдістер қолданылды.

 

Ашық семинар сабақта заманауи өмірдегі БАҚ орны, цифрлы технологиялар, оның әлеуметтанудағы рөлі, Масс-медиа түрлері, медиалық жаһандану, Мемлекет басшысының жолдауы талқыланып, студенттермен кері байланыс орнатылды.

 

   

 

   




Кері оралу