қазақша · русский · english
 
 
 
26.04.2022

«Кәсіби бағдар - болашақтың негізі» форумы

 

2022 жылдың 26 ​​сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық, Филология институттарының профессорлары Алматы қаласындағы №32 мектептің 11-сынып оқушыларына «Кәсіби бағдар - болашақ негізі» форумын өткізді.

 

Шара барысында университетіміз туралы бейнероликтер көрсетіліп, оқу орнының білім және ғылым саласындағы жетістіктері туралы айтылды, студенттерге әлеуметтік көмек, әскери кафедра, студенттік өмір туралы ақпараттар беріліп, сұранысқа ие мамандықтар туралы мәліметтер түсіндірілді. Сонымен қатар, ата-аналардың, түлектер мен мұғалімдердің сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Форумда доцент Е.Молдасанов - «Университеттің әлемдік нарықтағы орны», доцент М.Мұратқазин - «Мамандықтың бәрі жақсы, бірін таңда», профессор Ж.Балтабаева - «Мамандықтар әлемі» тақырыптарында баяндамалар жасады. Филологиялық білім берудің ерекшеліктері туралы, «Очерк, әңгіме жазу стилін қалыптастыру» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай дағдылар кез келген жұмыста өз нәтижесін береді.

 

   




Кері оралу