қазақша · русский · english
 
 
 
03.04.2017

«КӨКПАР» жастар лигасы

  Бөрі мінезді арғы ата-бабаларымыз ертеден-ақ «көкбөрі» көкпар ойынын ұлттық ойындар қатарына кіргізе білген. Егемендік алғаннан кейінгі жылдары елімізде ұлттық ойындардың шебінде  қатты қолға алынып келе жатыр. Арғы ата-баба ларымыздан қалған осы бір ойын түрі ер азаматтардың жігерін қайрап, ат үстінде шынығуға, патриоттық намысын қалыптастыруға айтарлықтай ықпал тигізері анық.

  Мемлекет деңгейінде қолға алынып келе жатқан «көкпар» ұлттық ойынын дамыту мақсатында Алматы қаласындағы ЖОО арасындағы студент жастар құрамынан жасақталып, «Көкпар жастар лигасы» тұңғыш рет құрылып, 2017 жылдың 02 сәуірінде командалық жекпе-жек  ойындары өтті.  Ойынға Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰАУ, ҚазАТК т.б. оқу орындарының құрама командалары қатысты. Осы іс-шараға  Тарих және құқық институтының студент жастары белсене ат салысты.




Кері оралу