қазақша · русский · english
 
 
 
07.11.2022

Туған жерім - алтын бесігім


2022 жылдың 5 қарашасы күні Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасының «Тарих және география» мамандығының 203 топ студенттері мен топ эдвайзері профессор Мереке Тулекованың ұйымдастыруымен «Туған жерім-алтын бесігім» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.


Іс-шараның мақсаты - өскелең ұрпақты Отанды сүюге, өз елінің тарихын білуге, туған жерді құрметтеуге және қорғауға үйрету, өз ойларын көркем жеткізе білетін, Қазақстанның рухани және табиғи байлығын бағалай алатын ұлтжанды жастарды қалыптастыру.


Тәрбие сағатында студенттер туған еліміз туралы видео көріп, өздерінің туған мекендері туралы өлең жолдарын оқыды. «Туған жер» әнін хормен айтты. Ашық тәрбие сағатына институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов, кафедра меңгерушісі Камшат Рүстем мен профессор-оқытушылар және 2-3 курс студенттері қатысты. Ашық тәрбие сағаты тартымды және мазмұнды өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу