қазақша · русский · english
 
 
 
09.11.2022

«Білім беру арқылы жаңашыл ұстаз болуға ұмтылу» конференциясы

 

2022 жылғы 4 қарашада Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен 4 курс «6В01601-Тарих» және «6В01602-Тарих-дінтану» мамандығы студенттерінің «Білім беру арқылы жаңашыл ұстаз болуға ұмтылу» тақырыбында өндірістік тағылымдаманың таныстыру конференциясы өтті.


Конференция жұмысына Мансап орталығының бас маманы Сауле Калибекова, жауапты маман Ақбота Талғатқызы және Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Камшат Рүстем, оқытушылар Айткүл Махаева, Айнұр Шорманова, Руслан Сейтқазиев, Гүлнар Джайнакбаева, Арайлым Кенжебекова, психолог маман Меруерт Асылханова қатысты. Өндірістік тағылымдаманың 4 курс студенттері үшін маңызы мен мақсаты, жұмыс барысы түсіндірілді. Студенттермен кері байланыс жасалып, сұрақтарға жауаптар берілді.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу