қазақша · русский · english
 
 
 
06.12.2022

PhD докторанты Мәлік Ғалымның магистранттармен мотивациялық кездесуі

 

2022 жылғы 5 желтоқсанда Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының 3-ші курс Ph.D докторанты Мәлік Ғалымның магистранттармен кездесуі өтті. Кездесуде Мәлік Ғалым АҚШ, Калифорния университетінің, философия мектебінде өткен жазғы ғылыми тағылымдама тәжірибесімен бөлісті. Ол АҚШ-тағы білім беру жүйесінің ерекшеліктері мен басымдықтары туралы айтты. Іс-шара ф.ғ.д., профессор Ж. А. Кабаеваның жетекшілігімен ұйымдастырылды. Кездесуге 80-нен астам магистрант қатысты.

 

Іс-шара соңында Мәлік Ғалым ғылыми тағылымдамасына қызығушылық танытқан магистранттардың сұрақтарына жауап берді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу