қазақша · русский · english
 
 
 
07.02.2023

Д.А.Қонаев мұражайына экскурсия

 

2023 жылдың 6 ақпанында Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы Дидар Мамырбаев кафедраның «6В01602-Тарих-Дінтану» мамандығының 2 курс студенттеріне Д.А. Қонаев мұражайы мен үйіне рухани танымдық саяхатын ұйымдастырды. Мұражайда студенттер Д.А. Қонаевтың кітапханасы және өмірбаянымен танысты.

 

Студенттер республикамыздың бұрынғы көшбасшысының өмірбаянымен, оның жемісті еңбек жылдарындағы жетістіктерімен танысып, оның туған елінің дамуы мен гүлденуіне қандай орасан зор үлес қосқанын білді. Саясаткердің кітапханасын қарап, оның қызығушылықтары мен білімін жоғары бағалады. Жастар бұл рухани-танымдық шарадан ұмытылмас әсер алды.

 

  alt=  




Кері оралу