қазақша · русский · english
 
 
 
17.02.2023

«Менің өлкем» онлайн-видеоролик сайысы


2023 жылғы 16 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының 2022/2023 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағыты бойынша студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Менің өлкем» онлайн-видеоролик сайысының жабылу кеші өтті. Іс-шараның ашылуында кіріспе сөз кезегі университеттің Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының м.а. Дидарбек Ділдәбекке, Рухани жаңғыру орталығының жетекшісі Рашид Сейтовке және Әлем тарихы кафедрасынынан профессоры Мереке Тулековаға берілді.

 

Сайыс барысында көптеген студенттерден видеороликтер келіп, қазылар алқасының іріктеуімен 12 видеоролик іріктелініп алынды. Қазылар алқасының құрамында Рухани жаңғыру орталығының жетекшісі Рашид Сейтов (төраға), Жастар ісі жөніндегі басқарма төрағасы Райымбек Пірәлі, Тарих және құқық институты директорының ғылыми істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Мұхтар Мұратқазин, институттың студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі Асель Истелеева болды. Жеңімпаздарға 3 жүлделі орын және 5 номинация бойынша дипломдар мен алғыс хаттар, сондай-ақ ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Шара соңында институт директорының тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов барлық қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу