қазақша · русский · english
 
 
 
27.02.2023

Біздің студент самбодан ҚР чемпионатында І орын алды

 

2023 жылғы 18-21 ақпанда Ақтау қаласында 2003-2004 жылдары туылған жастар арасында самбодан ҚР Чемпионаты өтті. Спорттық іс-шараны «Жетісу облысының Самбо федерациясы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

 

Жарысқа Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты «6В04202-Құқық» мамандығының 3 курс студенті Тамирлан Қабдрахманов қатысып, 79 келі салмақ дәрежесінде І орынды жеңіп алды. Тамирланды жеңісімен құттықтаймыз және жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу