қазақша · русский · english
 
 
 
23.10.2023

Егемендік - елдігім, Тәуелсіздік - теңдігім!

 

2023 жылдың 23 қазанында «Республика күніне» арналған Тарих және құқық институты «Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушылары Е.Жалмағамбетов, М.Азанбаев және эдвайзер А.Дүйсенбайқызының ұйымдастыруымен «Егемендік - елдігім, Тәуелсіздік - теңдігім» атты танымдық іс-шарасы өтті. Шараға «6В01601 - Тарих» мамандығының 3 курс студенттері қатысты.

 

Шараның мақсаты - білім алушыларға қазақ халқының егемендікке жету жолындағы тарихи кезеңдер туралы мағлұмат беру, Отанға деген азаматтық, патриоттық сезімді қалыптастыру. Іс-шара барысында студенттерге еліміздің егемендік алғаннан кейінгі саяси-экономикалық, дипломатиялық қатынастары, қоғамдық-мәдени дамуындағы жетістіктері жөнінде баяндалды. Шара жоғары деңгейде өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу