қазақша · русский · english
 
 
 
30.10.2023

Марапат күні: ұстазға тағзым

 

2023 жылдың 30 қазанында Abai University 95-жылдық мерейтойына орай Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының бірқатар оқытушы-профессорлар құрамын марапаттау іс-шарасы өтті. Іс-шарада ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Е.А. Бөрібаев сөз сөйледі. Ол бүкіл ұжымды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

Атап айтар болсақ, доцент Ж.Қ.Мадалиева мен магистр Б.З.Иманмолдаева Қазақстанның білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметтері үшін «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Р.Б.Әбсаттаров, философия ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Қабаева, философия ғылымдарының докторы, профессор Д.Ө.Құсайынов, философия ғылымдарының кандидаты, доцент А.Н.Бухаев, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ф.М.Сұлтанова, философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Г.Д.Рахимова, философия ғылымдарының кандидаты, доцент С.А.Омаров, тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы К.Т.Кашакпаева, PhD Сәбитқызы Әсем «Абай атындағы ҚазҰПУ 95 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Кафедраның басқа да оқытушылары PhD, оқытушы А.Сайлаубекқызы, PhD, оқытушы Ж.Ж.Қуанышбаева, магистр-оқытушы С.С.Джанкадыров, магистр-оқытушы О.О.Кәрібаев, магистр-оқытушы А.М.Хайрулдаева «Абай» медалімен марапатталды. Барлық оқытушыларды университетіміздің мерейтойымен және лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу