қазақша · русский · english
 
 
 
07.11.2023

«1917 жылғы Ресей революциясының әлемдік маңызы» тарихи-танымдық тәрбие сағаты

 

2023 жылдың 7 қарашасында Абай университеті Тарих және құқық институты «Тарих-география» мамандығының 4 курс студенттерінің қатысуымен «1917 жылғы Ресей революциясының әлемдік маңызы» тақырыбында Қазан төңкерісінің 106 жылдығына арналған тарихи-танымдық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты - 1917 жылғы революцияның әлемдік маңызын көрсету, оның Азия және Еуропа елдеріне ықпалын ашып беру. Іс-шара ұйымдастырушысы әлем тарихы кафедрасының профессоры Қанзада Сутеева және магистрант Ғани Айғаным. Іс-шараға институт студенттері, сондай-ақ профессор Мереке Тулекова, доценттер Елеухан Қалиева және Айжан Дайрабаева, институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу