қазақша · русский · english
 
 
 
28.11.2023

«Руханият бастауы» клубтың ашылу салтанаты


2023 жылғы 27 қарашада Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Нұрлан Орынбеков және «Дінтану негіздері» мамандығының 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Руханият бастауы» тақырыбында клубтың ресми ашылу салтанаты өтті.

 

«Руханият бастауы» клубының негізгі қойып отырған мақсаттары - ізгі орта қалыптастырып, іргелі биік қоғам құру. Дін саласы мен руханият негіздерін бір үйлесімділікте көрсету. Қазақтың ұлы даналары мен зиялы тұлғаларының шығармашылығын арқау етіп жастарға өнеге көрсету, рухани жаңғыру. Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз-әңгіме, жыр-дастандарын жаңғыртып, жас ұрпаққа жеткізу және сол арқылы Абай айтқан хикмет көздерін ашу.

 

«Руханият бастауы» клубының бастамасын Тарих және құқық институты директорының тәрбие және әлеуметтік іс жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов алғы сөзімен ашып берді. Клубтың ашылу салтанатына қонақ болып келген Ұлттық тәрбие орталығының жетекшісі Бақытжан Сапаров ыстық лебізін білдіріп, сыйлығымен бөлісті. Қорытынды сөзді клуб жетекшісі Нұрлан Орынбеков «Рухани құндылық - ол адам баласына тән тәрбие, жақсы қасиеттерді қалыптастыру», - деп кафедраның басқа мамандық студенттерін клубқа шақырды.

 

Клубтың ашылу салтанатына кафедраның профессор-оқытушылары және студенттері қатысты. Клубтың ашылу рәсімінің соңында ұстаздар клубтың жұмыстарына сәттілік тілеп, өз ықыластарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу