қазақша · русский · english
 
 
 
16.01.2024

Абай университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасындағы «Спартакиада 2024»

 

2024 жылдың15 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілеп  спорттық сайыстың ашылу салтанатын ашып беріп, командаларға сәттілік тіледі. Бұл күні М.Әуезов атындағы спорт кешенінде арқан тарту, шахмат, үстел теннисі, сондай-ақ спорттық эстафета бойынша қызықты әрі тартысты жарыстар өтті. Барлығы 8 команда қатысуда, олардың арасында Тарих және құқық институтының командасы, соның ішінде SDFAM оқытушылары да белсенді қатысуда.

 

Жыл сайынғы дәстүрлі спорттық іс-шара салауатты өмір салтын, дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуды қамтамасыз ету үшін қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамның жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында өткізіледі.

 

Үш күндік спорттық шара қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар кубоктармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады:

I орын - 400 000 теңге;

II орын - 300 000 теңге;

III орын - 200 000 теңге. «Үздік ойыншы» номинациясында - 15 000 теңге. «Үздік төреші» номинациясы - 15 000 теңге.

 

«Спартакиада-2024» 18 қаңтарға дейін жалғасады. Командаларға сәттілік пен жеңістер, сондай-ақ барлық профессор-оқытушылар құрамына жақсы көңіл-күй тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу