қазақша · русский · english
 
 
 
13.02.2024

Академиялық күнтізбеге сәйкес педагогикалық практика басталды

 

Тарих және құқық институтының «Әлем тарихы» кафедрасы «6В01001-Тарих», «6В01602-Тарих-география» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері университеттің 2023/2024 оқу жылының Академиялық күнтізбесіне сәйкес №2 жалпы білім беретін мектепте профессор т.ғ.д. Тулекова М.К. жетекшілігімен педагогикалық практикадан өтіп жатыр.


Студенттер 5-8 сынып оқушыларына Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы пәндерінен сабақ беруде. Сабақ барысында студенттер заманауи инновациялық оқыту әдістерін қолдана отырып, әр сабақты оқушылармен бірге қызықты және тартымды өткізуде. Мектеп ұжымы студенттерді қуана қарсы алып, оларға жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Практиканттар бір-бірінің сабақтарына қатысады, олардың нәтижелерін талдап, берілген тапсырмалар мен мектеп мұғалімінің жоспарына сәйкес келесі сабақтарды өткізеді.

 

Студенттерімізге сәттілік тілейміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу