қазақша · русский · english
 
 
 
19.02.2024

Тарих және құқық институтының студенттері пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары

2024 жылдың 17 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Математика, физика және информатика институтының клубы «Tizgin ИПК» ұйымдастыруымен институтаралық «Жастар ел болашағы» тақырыбында Абай кубогы пікірсайыс турнирі өтті. Пікірсайыс турниріне Тарих және құқық институтынан 3 фракция қатысты: 1) «Шың» фракциясы; 2) «Pixies» фракциясы; «Абайла» фрақциясы.

 

«Шың» фракциясынан «Тарих-география» мамандығының 1 курс студенті Айдар Қонысбаев 1-ші орынды иеленді. «Pixies» фракциясынан «Тарих-география» мамандығының 1 курс студенті Нұрсүлтан Аисағали 3-ші орын алып, үздік спикер иегері атанды. Турнирге «Абайла» фракциясынан 1 курс студенті Сабина Чуимбаева да белсенді қатысты.

Институт атынан турнирге қатысқан студенттерді жеңістерімен құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу