Тарих және құқық факультеті |
04.12.2017
ТӘН СҰЛУЛЫҒЫ - ЖАН СҰЛУЛЫҒЫ! Елбасының саламатты қоғамды қалыптастыру саясатын қолдау, университет ұжымы мен студент-жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ағымдағы жылдың 30-шы қараша және 1-ші желтоқсан күндері ұйымдастырылған жалпыуниверситеттік «Тән сұлулығы - Ұстазда» атты спорттық фестиваліне Тарих және құқық институтының профессор-оқытушыларның құрама командасы және студенттері арасында іріктелген команда мүшелері спорттық ойындардың барлық түрлеріне белсене қатысты.
Спорттық ойындар нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте институтының профессор-оқытушыларның құрама командасы шахматтан 3-орын, арқан тартыстан 3-орын иеленсе, студенттер арасында ұйымдастырылған спорттық жарыстар қорытындысы бойынша қазақша күрестен 1-орын, үстел тенисінен 1-орынды ұтып алып, университет ректорының грамотасымен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай орайластырылған бұл шара жастардың спортқа деген талпыныстарын арттырып, ұжымдық бірлікті нығайта түсті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|