қазақша · русский · english
 
 
 
06.12.2017

 

«Табысқа жол» педагогикалық идеялар фестивалі

 

2017 жылдың  4 желтоқсанында  Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика және  психология кафедрасының профессоры Марфуға  Абсатованың ұйымдастыруымен «Табысқа жол» педагогикалық идеялар фестивалі өтті.

 

«Табысқа жол» педагогикалық идеялар фестивалінің мақсаты - магистранттың инновациялық, педагогикалық тәжірибесін насихаттау, тәжірибе алмасу.


Фестивальдың қонақтары әрі сарапшылары болып Тарих және құқық  институтының директоры  Болат Жумагулов, институт директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Мұхтар  Мұратказин, институттың қауымдастырылған профессоры Несібелі Калкаева және АО «НЦПК «Өрлеу» кафедра меңгерушісі Алмаш Туралбаева және «Физика», «Математика», «Информатика» және «Құқық», «Тарих» мамандықтарының 1 курс магистранттары қатысты.

 

Фестиваль 5 сабақты қамтыды. Сабақтар педагогика пәнінің  өзекті мәселелерін қарастырды  және  барлық сабақтар интербелсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін, жаңашыл ақпараттық технологияларды пайдаланып, әр түрлі формада өтті.

 

«Табысқа жол» педагогикалық идеялар фестивалі қорытындысы бойынша I-дәрежелі дипломмен «Тарих» мамандығының магистранты Меруерт Ержанова, II-дәрежелі дипломмен «Физика» және «Информатика» мамандықтарының магистранттары Меруерт Күмісбайқызы, Жанат Адильбекова, III-дәрежелі дипломмен «Тарих» және «Дінтану» мамандықтарының магистранттары Нұрбол Амангелді, Қажымұқан Джалғасбаев және Олжас Карибаев, Мадияр  Тастанбеков марапатталды.

 

  

 

  


 Тарих және құқық  институты

 




Кері оралу