қазақша · русский · english
 
 
 
05.12.2017

Студенттердің Орталық мемлекеттік мұражайына саяхаты

 

2017 жылдың 3-ші желтоқсан күні ректор Такир Балықбаев Тарих және құқық институтының 2-3 курс студенттерімен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайына саяхат жасап қайтты. Мұндағы мақсат мұражайда сақталған тарихи мұралар және жәдігерліктермен тереңірек таныстырып, студент-жастардың бойындағы отаншылдық, патриоттық сезімдерін ояту.


Саяхат барысында университетіміздің білім алушылары мұражайдың үш қабатындағы көрме галереялары мен 4 экспозициялық залдарына және «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесіне экскурсия жасалды.


Экскурсия соңында университет ректоры мұражай кітапшасына тілек жазып, ҚазҰПУ атты логотипті музей ұжымына табыстады.


Студенттер өздеріне көптеген тарихи танымдық мәліметтер алып, рухани өрсістерін кеңейтіп қайтты.

 

  

 

  





Кері оралу