қазақша · русский · english
 
 
 
11.03.2025

Мәскеу қаласындағы «Жоғары экономика мектебі» ғылыми-зерттеу университетінің өкілдерімен кездесу


2025 жылдың 3 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өкілдері мен Мәскеу қаласындағы «Жоғары экономика мектебі» ғылыми-зерттеу университетінің өкілдері арасында кездесу өтті. Кездесуде Абай атындағы ҚазҰПУ стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айгүл Искакова және Тарих және құқық факультетінің деканы Ғабит Кенжебаев сөз сөйледі. «Жоғары экономика мектебі» ғылыми-зерттеу университеті тарапынан Құқық факультетінің деканы Вадим Виноградов және Құқық факультетінің халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Ольга Трынкова қатысты.

 

Сонымен қатар, кездесуге Тарих және құқық факультеті деканының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Алия Қасымбек, құқықтану кафедрасының меңгерушісі Жанель Сайлибаева, «6В04202-Құқықтану» білім беру бағдарламасының авторы-әзірлеушісі Жанар Молдахметова, «Жоғары экономика мектебі» ғылыми-зерттеу университеті Құқық факультеті оқу ісі жөніндегі декан орынбасары Александра Касаткина және деканның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Александр Ларичев қатысты.

 

Кездесу барысында білім беру бағдарламаларын дамыту, оқытушылар мен студенттерді алмастыру, құқықтың өзекті мәселелері бойынша салыстырмалы тұрғыда бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды.

 

Аталған кездесу екі университет үшін де жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашатынына сенімдіміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу