Тарих және құқық факультеті |
14.03.2025
Абай университетінің оқытушысы «500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдаманы сәтті аяқтады
2025 жылдың 12 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының отырысы өтті. Жиында PhD докторы Бахытжан Сапаровтың «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында жүзеге асырылған «500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткендігі жөніндегі қорытынды есебі тыңдалды.
Тағылымдама тақырыбы: «Қазіргі білім берудегі мәдени әртүрлілік пен ұлттық тәрбиені ілгерілету».
Бахытжан Сапаров Қазан федералды университеті Психология және білім беру институты оқыту және тәрбиелеу әдіснамасы кафедрасында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Алмаз Галимовтың жетекшілігімен алты айлық тағылымдамадан өтті. Тағылымдаманың негізгі мақсаты - білім беру бағдарламаларында мәдени әртүрлілік пен ұлттық тәрбиені ілгерілету әдістерін зерттеу болды.
Тағылымдама барысында доктор Бахытжан Сапаров институт студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ Шахрисабз мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары мен қызметкерлеріне дәрістер оқыды. Сонымен қатар әртүрлі конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдер мен форумдарға қатысты.
Жүргізілген зерттеулер Абай атындағы ҚазҰПУ мен халықаралық ғылыми қауымдастық арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ университеттің білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға ықпал етеді. Доктор Бахытжан Сапаровтың жұмысы Қазақстандағы мәдениетаралық диалог пен ұлттық тәрбиенің дамуына елеулі үлес қосады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|