Тарих және құқық факультеті |
11.04.2025
«Ғылым апталығы - 2025» аясында Әлем тарихы кафедрасында профессор Х.А. Сүтееваның жарты ғасырлық үздіксіз жұмысын мерекелеу. 2025 жылғы 8 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультетінің Әлем тарихы кафедрасы «Декада- 2025» аясында тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханзада Ағыбайқызы Сүтееваның кафедрадағы үздіксіз жұмысының 50 жылдығына орай «Дүниежүзілік тарих және қазіргі заман» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты- ұрпақтар байланысын, профессор Х.А.Сутееваның Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар тарихын және Қазақстанның революцияға дейінгі орыс тарихнамасын зерттеуге қосқан үлесін көрсету және оның өмір жолы мен ғылыми қызметімен таныстыру болды.
Сонымен қатар, конференцияда ХХ-ХХІ ғасырлардағы әлемдік тарихтың өзекті мәселелері талқыланды. Конференция жұмысына ғалымдар, жоғары оқу орындарының, жалпы білім беретін мектептердің оқытушылары, докторанттар, магистранттар қатысты. Мерейтой иесін университет ректоры, Тарих және құқық факультетінің басшылығы, оның әріптестері және еліміздің барлық өңірлерінен келген шәкірттері құттықтады. Ардагерлердің мұндай ұлықтау болашақта факультеттің дәстүрі болмақ.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|