Тарих және құқық факультеті |
14.04.2025
«Зұлмат жылдар зардабы» кітабының тұсаукесері 2025 жылғы 11 сәуірде Ғылым декадасы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқықтану факультетіндегі кітапхана залында ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен тарих ғылымдарының докторы Светлана Смағұлованың 1931-1933 жылдары қазақ жерінде болған ашаршылыққа арналған «Зұлмат жылдар зардабы» атты кітабының тұсаукесері мен таныстырылымы өтті.
Факультет деканы, академик Ғ.Қ.Кенжебаевтың модераторлығымен өткен бұл іс-шараға академик Х.М. Әбжанов, актер, әнші Байғали Есенәлі, белгілі тарихшылар А.И. Құдайбергенова, З.М. Төленова, Н.Ә.Атығаев, Қ.З.Өскенбай, Б.О. Жангуттин, С.С. Сайфулмаликова, Г.Б. Қозғамбаева, Д.Қ.Әбенов, Б.С.Жұмағұлов, М.Ғ.Жылысбаева, филолог-ғалым Г.Ж.Орда, Бердалы Оспан және тағы басқа ғалымдар, докторант, магистранттар, студенттер қатысып, кітап туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Тұсаукесер барысында кітап басқа тілдерге де аударылып, ашаршылық тақырыбына арналған кино түсірілсе деген ұсыныстар айтылды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|