«Қазақстанның батыс өңірінің әскери тарихы: ерекшеліктері, кейбір аспектілері, мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияcы
2025 жылдың 10 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде дәстүрлі ғылым апталығы күндері (ЖТН AР19679667) «Қазақстанның батыс өңірінің әскери тарихы (XVIII-XX ғғ.)» ғылыми-зерттеу жобaсын жүзеге aсыру aясындa «Қазақстанның батыс өңірінің әскери тарихы: ерекшеліктері, кейбір аспектілері, мәселелері» тaқырыбындa халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференция мақсаты - қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысындағы әскери ұйымдық мәселелер, қазақстандық жауынгерлердің фашистік басқыншыларды жеңудегі тарихи үлес салмағы, әскери тарихтың басқа да мәселелері және Қазақстанның әскери тарихы негізінде заманауи зерттеулер мен материалдарды ғылыми айналымға енгізу.
Конференция жұмысына Қазақстандық, алыс және жақын шетелдік тарихшы-ғалымдар қатысып, құнды баяндамалар жасады.
Халықаралық конференцияны Зерттеу қызметі жəне инновация жөніндегі проректор Ертай Сұлтан үш тілде құттықтау сөзімен бастап, конференция жұмысына табыс тілеумен ашты. Тарих және құқық факультетінің деканы академик Ғабит Кенжебаев қонақтарға сөз беріп отырды. Өз тараптарынан Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институның директоры академик Қабылдинов Зиябек, Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архивінің директоры Шілдебай Сәбит, Солтүстік Кавказ тау-кен металлургия институты-мемлекеттік технологиялық университетінің проректоры Орлова Нина Анатольевна жүрекжарды құттықтау сөздерін арнап, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Пленарлық мәжілісте шетелдік ғалымдар: Чувашия Республикасының Білім министрі (Ресей) Захаров Дмитрий Анатольевич «Бірліктің жеңісі: фашистік Германияны жеңудегі Еуразия халықтары (1941-1945 жж.), Кастану университеті профессоры (Түркия) Орхан Сойлемез «Ертедегі Каспий аймағының халқы және Батыс Қазақстан жеріндегі Хун ордасы», К.Карасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университетінің (Қырғызстан) профессоры Сапаралиев Дөөлетбек Бекишович «Қырғыздардың XVIII-XIX ғасырлардағы әскери өнері (Ресейдің тарихи дереккөздерінің материалдары бойынша)», Солтүстік Кавказ тау-кен металлургия институты-мемлекеттік технологиялық университетінің (Ресей) профессоры Чеджемов Сергей Русланович «Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс-фашистік басқыншылармен шайқастағы Орта Азия халықтарының ұлдары» және Әзірбайжан мұнай және өнеркәсіп институты (Әзербайжан) Амирбекова Нармина Шовкет гызы «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ және әзірбайжан хандықтарының әскери өнері, қару-жарағы және әскерлерін ұйымдастыру: тарихи параллельдер» тақырыбына өте құнды деректердің негізінде ғылыми баяндамалар жасады.
Сонымен қатар Қазақстандық тарихшы-ғалымдар академик Әбжанов Ханкелді, Абдиров Мұрат, Самат Өтениязов, Симтиков Жомарт және т.б. архив материалдарының негізінде өте құнды ғылыми баяндамаларымен бөлісті.
Жұмыс тобының белсенді мүшесі PhD докторы Закарья Рахметолланың ағылшын тілінде жасаған «The phenomenon of war in nomadic kazakh society» атты баяндамасы көпшіліктің қызығушылығын туғызды.
Конференция жұмысы ары қарай секцияларда жалғасып, ғалымдар жобаға қатысты орамды ой, ұтымды ұсыныс, пайымды пікірлерімен бөлісті. Конференция қорытындысында қатысушылар арасында кәсіби пікір алмасу орын алып, отандық тарих ғылымын дамыту жөнінде нақты ұсыныстар айтылды. Қатысушылар конференцияның мазмұндық тереңдігі мен тәжірибелік бағыттағы маңыздылығын жоғары бағалап, болашақта осындай форматтағы кездесулердің жиі ұйымдастырылуын қолдайтындықтарын білдірді.




