қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2025

Қазақ зиялыларының мұрасына арналған кітаптардың тұсаукесері өтті


2025 жылғы 9 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультетінде Ғылым декадасы аясында ХХ ғасыр қазақ зиялыларының мұрасына арналған кітаптардың тұсаукесері өтті. Іс-шара барысында Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Базарқұл Данияров, Қасым Тыныстанов, Ишанғали Мендіханов, Шамғали Сарыбаев, Қажым Басымовтың бұрын жарық көрмеген еңбектері, Бейсембай Кенжебаев туралы құжаттар мен материалдар жинағы және бұрын жарияланбаған «Сәуле» журналы таныстырылды.

 

Іс-шара барысында сөз сөйлегендер: тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, тарих және құқық факультетінің деканы Ғабит Кенжебаев, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры Сабит Шілдебай, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Ахметтану» бөлімінің жетекшісі Маралбек Ермұхамет, тарих ғылымдарының докторы, доцент, «DHLab: цифрлық тарих және білім зертханасы» лабораториясының меңгерушісі Жангуттин Бауржан Олжабаевич, филология ғылымдарының кандидаты, Сарыбаевтар отбасылық мұрағатының сақтаушысы Майра Сарыбай және басқа да жетекші тарихшылар.

 

Құрметті қонақ ретінде Қырғызстан Республикасынан келген Базарқұл Данияровтың жиені және оның атындағы қордың негізін қалаушы Әсел Даниярова қатысты. Базарқұл Данияров - Қырғызстандағы бастауыш, орта және жоғары білім берудің негізін қалаған ағартушы-педагог, өз замандастарымен бірге республика мәдениеті мен білімінің көрнекті қайраткерлерін тәрбиелеген, алғашқы оқу бағдарламалары мен оқулықтарды дайындаған тұлға.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу