Тарих және құқық факультеті |
11.04.2025
Қазақстандағы діни білім мәселесі: жаңа еңбектің таныстырылымы 2025 жылғы 10 сәуірде Abai University Тарих және құқық факультетінің Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлының «Діни экстремизм және діни білім: Қазақстандық тәжірибе» атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараны кафедра меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы, профессор Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы ашып, келген қонақтарға алғысын білдірді. Тұсаукесер рәсіміне арнайы шақырылған философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Ғабитов Тұрсын Хафизұлы сөз сөйлеп, жаңа еңбектің маңыздылығына тоқталып, кітаптың тұсауын кесті. Іс-шара барысында "Руханият бастауы" клубының мүшелері кітапқа негізделген арнайы презентация дайындап, көпшілік назарына ұсынды. Шара соңында монография авторы Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлы сөз сөйлеп, еңбектің негізгі идеясын баяндады: «Қазақстан жағдайында бұл мәселе ерекше мәнге ие. Себебі біз зайырлы мемлекет ретінде діни сенім бостандығын қамтамасыз ете отырып, қоғамның қауіпсіздігі мен бірлігін де басты назарда ұстауымыз қажет», - деп ойын түйіндеді. Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен студенттер қатысты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|