Тарих және құқық факультеті |
28.04.2025
«Қ.А. Яссауи іліміндегі ұстаз бен шәкірт қатынасы: білім беру мен тәрбие интеграциясы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 2025 жылдың 25 сәуірінде Алматы қаласы Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп - гимназиясы және Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультетінің ұйымдастыруымен «Қ.А. Яссауи іліміндегі ұстаз бен шәкірт қатынасы: білім беру мен тәрбие интеграциясы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға Абай университетінің профессор-оқытушылар құрамы - Жомарт Симтиков, Мұхтар Мұратказин, Аманжол Мейрманов, Гүлжан Рашева, Руслан Сейтказиев қатысты. Конференция мақсаты - Қожа Ахмет Яссауидің «Кемел адам» тұжырымдамасы аясында білім мен тәрбиенің рухани бастауларын талқылап, педагогтердің ғылыми-зерттеушілік әлеуетін көтеру.
Сонымен қатар конференцияға Қ.А. Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия директоры Бағила Әшімбаева және шетелдік ғалымдар: Түркия Республикасынан Prof.Dr. Ali Yaman, Әулие Климент Охридский атындағы София университетінің профессоры (Болгария) Маджаров Джени, Ош Мемлекеттік университетінің профессоры (Қырғызстан)Мамырова Айнура, Ұлттық білім зерттеу институтының ғылыми қызметкері (Моңғолия)Зүлмира Жаубай, Термез мемлекеттік университеті, PhD., доцент, (Өзбекстан ) Жанабаева Зоя Жаеғабылқызы, Өзбекстан Республикасының Фергана мемлекеттік университетінің профессор-оқытушыларының делегациясы қызығушылық танытып, профессор Қамбаров Абдумуталыптың басшылығымен қатысып, құтықтау сөз сөйлеп, баяндама жасады. Конференция жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Конференция материалдары жинақталып шығарылуда.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|