Тарих және құқық факультеті |
08.05.2025
XVI Республикалық пәндік олимпиада: Абай университетінің студенттері ІІ орын иеленді 2025 жылдың 24-25 сәуір аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің тарих факультетінің базасында «6В01601 - Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша XVI Республикалық пәндік студенттік олимпиада өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты - жоғары білім беру ұйымдары студенттерінің оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды студенттер мен түлектерге академиялық немесе кәсіби мансабын жалғастыруға бағытталған қолайлы жағдайлар жасау.
Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері - Ғазиз Нұрулла, Исламбек Балмағамбетов, Абат Қапанов, Нұрсұлтан Алимбетов (ғылыми жетекшілері: әлем тарихы кафедрасының аға оқытушылары Еңлік Нұрмұхан мен Руслан Сейтқазиев) Қазақстан бойынша 25 студенттік команданың ішінен жүлделі ІІ орынды иеленді.
Құттықтаймыз!
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|