қазақша · русский · english
 
 
 
08.05.2025

Қазақ руханиятындағы сопылық ілімінің мәні

 

2025 жылдың 3 наурызында Тарих және құқық факультеті әлем тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ руханияты сопылық ілімінің мәні» тақырыбында лидерлік кездесу өтті. Кездесуде Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің профессоры Жоламан Бұланұлы 1,2,3 курс «6В01602 Тарих-дінтану» және 1-2 курс «6В02202 Ғылыми-Тарих» БББ студенттеріне дәріс өткізді.

 

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты - жастар арасындағы діни сауаттылықты қалыптастыру және бітіруші топтар, магистрлар мен докторанттарға диплом жобаларына қатысты кейбір дінтанулық қажет ететін сұрақтарға жауап берілді.

 

Тәрбие жұмысына барысында Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің профессоры Жоламан Бұланұлы Қазақ руханиятындағы сопылық ілімінің мәнін, ұлттық діни ұстанымды және еліміздегі сопылықты академиялық тұрғыдан зерттеу тетіктерін көрсетті. Сонымен қатар дінтану саласында жарықкөрген еңбектерімен таныстырды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу