Тарих және құқық факультеті |
13.05.2025
ҚазҰПУ докторанттары халықаралық жазғы мектепке қатысты 2025 жылғы 2-8 мамыр аралығында Самарқанд мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен «Samarkand Intercultural Communication Summer School» халықаралық жазғы мектебіне Абай атындағы ҚазҰПУ саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы «8D03102-Мәдениеттану» мамандығының 1 курс докторанттары Ұлдана Арипжанова мен Әсел Батырханова қатысып қайтты.
Жазғы мектептің мақсаты - жаһандану дәуіріндегі мәдениетаралық коммуникацияның маңызын талдау, түрлі елдерден келген жас зерттеушілер арасында ғылыми байланыс орнату және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Бағдарлама аясында докторанттар шетелдік профессорлармен тәжірибе алмасып, мәдениетаралық коммуникация тақырыбында тренингтер, семинарлар мен пікірталастарға қатысып, ғылыми бағыттарын тереңдетуге мүмкіндік алды. Ұлдана Арипжанова «Жаһандану дәуіріндегі Мәдениетаралық байланыс: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында баяндама жасады.
Жазғы мектеп бағдарламасы аясында Самарқанд қаласының тарихи-мәдени көрнекі жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушылар Әмір Темір кесенесі мен Регистан кешенін, Мирзо Ұлықбек медресесін, Арк цитаделін, Бибіханым тарихи мешітін және басқа да нысандарды аралады. Бұл экскурсия қатысушыларға Шығыс әлемінің эстетикасына тереңірек бойлауға мүмкіндік берді.
Аталған жазғы мектепке қатысу - ҚазҰПУ-дың халықаралық академиялық байланыстарын нығайтуға және жас ғалымдардың әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|