қазақша · русский · english
 
 
 
27.06.2025

«Жадты зерттеудің визуалды зертханасы: қала тарихы назарында» жазғы мектеп


Тарих және құқық факультетінде 2025 жылдың 14-26 маусым аралығында магистранттар мен докторанттарға арналған Визуалды зерттеулерінің бірінші Жазғы мектебі өтті.

 

Ғылыми жетекшілікті тарих ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-зерттеушiсi Далаева Т.Т. атқарды, Баяндамашылар - тарих ғылымдарының докторы Albert Charles Cavallaro (Мұражай зерттеулері сертификаттық бағдарламасы, Мичиган университеті) және Кристина Бекенова, мәдени мұраны талдау және басқару саласындағы PhD кандидаты (IMT Лукка тереңдетілген зерттеулер мектебі) болды. Жазғы мектеп қатысушылары видео эсселерін ұсынды. Сертификаттар табыс етілді. Мектептің лекциялары мен студенттердің жұмыстарының жазбасы YouTube желісіндегі «Қазақстанның визуалды антропологиясы» арнасында орналастырылады.

 

  alt=  

 




Кері оралу