Тарих және құқық факультеті |
04.09.2025
«Мұражай — ұлттық баян» жобасының тұсаукесері өтті 2025 жылдың 2 қыркүйегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасының оқу залында Францияның Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығының (CNRS) халықаралық дамушы іс-әрекеттер (IEA) бағдарламасы аясындағы «Мұражай - Орталық Азиядағы ұлттық баян ретінде (XIX-XXI ғасырлар): халықаралық ынтымақтастық арқылы объектілер мен меншік режимдерінің айналымын зерттеу» атты халықаралық ғылыми жобаның тұсаукесері ұйымдастырылды.
Жоба Орталық Азия аймағындағы музейлер мен мәдени объектілердің тарихи және әлеуметтік мәнін зерттеуге, сондай-ақ олардың ұлттық тарихи баяндағы рөлін анықтауға бағытталған. Халықаралық ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылатын жоба музейлер арасындағы объектілердің айналымы мен меншік режимдерін терең талдауға мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында жоба жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, Францияның CNRS және Сорбонна университетінің Eur`Orbem ғылыми-зерттеу тобының профессоры Светлана Горшенина жобаның негізгі бағыттары мен ғылыми нәтижелерін таныстырды. Сонымен қатар, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-зерттеушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Теңлік Далаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Гүлмира Сұлтанғалиева, сондай-ақ Германия мен Канададағы Ruhr-Universitat Bochum және Universite du Quebec a Montreal университеттерінің өкілі Мария Силина өздерінің зерттеулерін ұсынды. ЮНЕСКО қамқорлығындағы мәдениеттерді жақындастыру орталығының өкілі Игорь Крупко, Италиядағы Scuola IMT Alti Studi Lucca докторанты Кристина Бекенова және Франциядағы CNRS/Sorbonne université докторанты Ділдә Рамазан да баяндамалар жасады. Тұсаукесерге зерттеушілер, музей қызметкерлері, докторанттар мен магистранттар қатысты, олар музейлер мен мәдени объектілердің ұлттық тарихтағы рөлі мен маңыздылығын талқылап, халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін кеңейтудің жолдарын қарастырды. Бұл жоба Орталық Азияның мәдени мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу және халықаралық деңгейде танытуға маңызды серпін береді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|