Тарих және құқық факультеті |
24.09.2018
Профессор Нәбижан Мұқамедханұлының болашақ тарихшылармен кездесуі
2018 жылдың 24 қыркүйегінде Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі тарих ғылымдарының докторы, профессор, қытайтанушы Нәбижан Мұқамедханұлымен кездесу өткізді. «Тарихтан тағылым» жобасы аясында өткен кездесуге Тарих және құқық институтының студенттері қатысты.
Ғалым студенттерге 1931-1933 жылдары қазақ даласында болған жаппай ашаршылық пен оның зардаптары туралы әңгімеледі. 20-ғасырдың 30-жылдарында қазақ халқы ең ауыр кезеңің бастан кешірді. Кеңес өкіметі қазақтарды бір оқ шығармай қырып салды. Нәбижан Мұқамедханұлының дерегінше, сол жылдары Қытайға 100 мыңға тарта қазақ өткен. Оның сөзінше ашаршылық кезінде қазақ жерінде көшкен адамдардан ашаршылықтан қайтыс болған адамдардың саны көп болған.
Кездесу соңында студенттер ғалымға сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|