қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2019

ҚазҰПУ студенттері XI Республикалық пәндік олимпиадада екінші орын алды

 

2019 жылдың 12 сәуірде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «5B020300-Тарих» мамандығы бойынша XI Республикалық пәндік олимпиада өтті. 4 кезеңнен тұрған олимпиадаға жоғарғы оқу орындарынан 12 команда катысты.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институынан «Жерұйық» командасы қатысып, командалық есеппен жүзден жүйрік атанып, жүлделі 2-ші орынды иеленді. Команданың ғылыми жетекшісі Мереке Тулекова.

 

Команда мүшелері: Ақнұр Шыңғысханқызы, Ырыс Құсбақ, Жақсылық Серікбеков, Айгерім Асқарқызы арнайы сертификаттармен марапатталды.

 

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының ІІ кезеңінде «5В020300-Тарих» мамандығынан жеке көрсеткіштері бойынша ІІ орын алғаны үшін Ақнұр Шыңғысханқызы марапатталды.

 

Команда жетекшісі Мереке Тулекова Қарағанды Мемлекеттік Университетінің атынан XI-ші республикалық олимпиадаға қатысушыларды жоғары деңгейдегі дайындығы үшін Алғыс хатпен марапатталды.

 

Білімді жастарға әрдайым қолдау көрсететін университет ректоры Такир Балықбаевқа олимпиада қатысушылары үлкен алғыстарын білдіреді.

 

   

 

   

 

 

 




Кері оралу