қазақша · русский · english
 
 
 
03.06.2019

«Бала шаттығы» іс-шарасы

 

2019 жылдың 30 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Абай үні» акциясы бойынша Тарих және құқық институтының білім алушылары мен «Әлем тарихы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен «Бала шаттығы» тақырыбында іс-шара болып өтті.

 

Бұл шарада оқытушылар құрамы мен білім алушылар «Аспара» балабақшасына барып, кішкентай бүлдіршіндерді 1 маусым - Балаларды қорғау күнімен құттықтап, арнайы профессор-оқытушылар құрамы дайындаған сыйлықтар үлестірілді. Іс-шара барысында кішкентай бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалап, ата-аналармен бірге естелік суретке түсті.

 

   

 

   




Кері оралу