қазақша · русский · english
 
 
 
07.02.2020

Поэзия патшасы - Мұқағали Мақатаев

 

2020 жылдың 6 ақпанында Жаратылыстану және география институтында Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне арналған «Поэзия патшасы - Мұқағали» тақырыбында әдеби-композициялық кеші болып өтті.

 

Аталған іс-шараны биология кафедрасының аға оқытушылары: Рита Саимова, Эльмира Қауынбаева, Жанат Бухарбаева және 1 курс биология мамандығының студенттері ұйымдастырды.

 

Мерекелік кешті Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова жастарға рухани шабыт беретін әсерлі жылы лебізді тілектерімен ашты. Іс-шарада ақиық ақынның өмір жолдары туралы бейнежазба көрсетіліп, әсем әндер айтылды. Сондай-ақ 1 курс студенттері ақын өлеңдері мәнерлеп оқып, қойылымдар қойды. Келген қонақтар арасында қызықты ойын түрлері ойнатылып, сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті. Кеш соңында тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Нұрлан Манапов және кафедраның аға оқытушысы Дана Сексенова ұйымдастырушыларға табыстар тіледі.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу