қазақша · русский · english
 
 
 
02.04.2020

Биология кафедрасының профессор - оқытушылар құрамы қашықтан білім беруге көшті

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы 16 наурыздан бастап қашықтан білім беру жүйесіне көшті. Кафедраның оқытушылары қашықтан білім берудің заманауи жүйелерінің бірі "Zoom" стримингтік сервис деп аталатын ірі платформаларды өте жақсы меңгеріп сабақ жүргізуде.

 

Оқу үдерісі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай жасалған оқу бағдарламасы бойынша және сабақ кестесіне сәйкес өтілуде. Цифрлық білім беру ресурстары ретінде бейне сабақтар, оқу-әдістемелік кешендер, тесттер және т.б. құрал-жабдықтарды пайдалануда. «Ботаника» пәнінен профессор Софья Иманкулова, Қаратай Шалабаев, доцент Қуандық Мусаев, аға оқытушы Динара Аманбекова; «Зоология» пәнінен қауым.проф., Мурат Жақсыбаев, доцент Комус Батырова, аға оқытушылар: Дана Сексенова, Әсия Майматаева; «Генетика» пәнінен профессор Докторхан Айдарбаева, аға оқытушы Раушан Джунусова, Рита Саимова, Эльмира Қауынбаева, Толғанай Алтынбек; «Оқушылардың физиологиялық дамуы» пәнінен профессор Абдразақ Бабашев, доцент Ғалия Татаринова, аға оқытушылар: Шолпан Шыныбекова, Дина Құлжанова; «Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлау» пәнінен PhD-доктор, аға оқытушы Махаббат Аманбаева 1-курс «7М01513-Биология» мамандығы магистранттарымен және басқа кафедраның профессор-оқытушылары 17 наурыздан бастап білім берудің ZOOM жүйесімен сабақ өтуде.

 

Кафедра профессор-оқытушылары студенттеріміздің уақтылы және сапалы білім алу үшін барлық әдіс-тәсілдерді қолдануда. Студенттер мен магистранттарымыз ағымдағы аралық бақылау мен емтихан кезеңіне бағытталған оқу бағдарламасын қашықтан үйреніп, білім алудың замануи тетіктерін ынталы түрде меңгеру үстінде.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу