қазақша · русский · english
 
 
 
23.04.2020

«Ақпарат майданындағы қиын жолдар» журналистермен онлайн-кездесу

 

2020 жылы 22 сәуірде Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, студенттік өзін-өзі басқару кеңес мүшелері және белсенді студенттердің ұйымдастыруымен «Ақпарат майданындағы қиын жолдар» тақырыбында журналистермен онлайн-кездесу өткізілді.

 

Кездесуге «Алматы» телеарнасының жаңалықтарын жүргізушісі, журналист Маржан Қоқышева, «Азаттық рухы» ақпарат агенттігінің Алматы қосынында жетекші, журналист Ришат Қожабек және Еуразия бірінші» арнасының редакторы, «Заң сөйлесін» бағдарламасының жетекшісіДәнеш Байболатов қатысты.

 

Кездесуді Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова алғы сөзімен ашып берді.

 

Студенттер қауымы өздерінің ойларында жүрген сұрақтарын қойды, журналистер қауымы журналистік мамандықтың қызығы мен қиын жолдарын айтып өтті. Кеш өте әсерлі өтті, студенттер қауымы өздеріне рухани азық ала білді деген ойдамыз.

 

2 курс студенті Ғани Баймухат қонақтарға күй тартып берсе, осы курстың студенті Айжамал Сейсенбина өзінің «Дейсің» әсем әнін шырқады, сонымен қатар Қызжібек Еркебаева «Журналистерге арнау» өлең жолдарын тарту етті.

 

Жаратылыстану және география институтының тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Нурлан Манапов және биология кафедрасының меңгерушісі Мұрат Жақсыбаев қонақтар мен ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

 

Журналистер қауымына еңбектеріне адалдық, отбасыларына бақыт және шығармашылық табыс тілейміз.

 

   

 

   

 

      

 

      

 

      

 

 




Кері оралу