қазақша · русский · english
 
 
 
12.05.2020

«Қоршаған орта факторларының ағзадағы мүшелер құрылымына әсері» ғылыми конференциясы

 

2020 жылдың 5 мамыры күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты «Биология» кафедрасының профессоры Зейне Тұңғышбаеваның ұйымдастыруымен Zoom платформасында «Қоршаған орта факторларының ағзадағы мүшелер құрылымына әсері» ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға «Биология» кафедрасының оқытушылары мен 1 курс ғылыми биология бөлімінің магистранттары қатысты.

 

Ғылыми конференция қазіргі кездегі Қазақстан жастарына «Денсаулық - табиғаттың берген бағасы жоқ сыйлығы, оны көзіміздің қарашығындай сақтайық» деген ұранмен бастаманы мақсатқа алды.

 

Конференцияның бағдарламасы бойынша З.Б. Тұңғышбаева - «Қоршаған ортадағы кейбір факторлардың әсері туралы мәселелер»; аға оқытушылар Ш.С. Шыныбекова - «Жастардың денсаулығына залал келтіретін факторлар»; Д.Қ. Құлжанова - «COVID - 19 эпидемиясы» және 1 курс магистранттары: Тұрсын Аяжан- «Тәтті сусынның жануарлар ащы ішігінде қалыптастыратын ақаулықтары»; Жарқынбек Айдана - «Тәтті сусындардың жануарлар асқазаны ұлпаларында туындататын өзгерістері»; Ізтлеуова Ақбота - «Газдалған сусынның ұзын сүйектердің ұйымдасу құрылымында дамытатын патологиясы»; Төлен Мейрім - «Жануарлар бүйрегі функциясының тәтті сусындар әсерінен бұзылуы»; Сайлаубек Қазына - «Жануарлар аталық безінің құрылымына энергетикалық сусынның әсері»; Орынбай Гулжазира - «Газдалған сусынның бауыр құрылымында туындататын өзгерістері»; Жүзжан Құралай - «Гистологиялық зерттеулердің биология және медицина ғылымдарындағы рөлі» тақырыптарында баяндама жасалып, кейбір факторлардың ағзаға әсері туралы мәселелер талқыланды.

 

   

 

 




Кері оралу