қазақша · русский · english
 
 
 
09.12.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2018-2025 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын іске асыру аясындағы халықаралық вебинар

 

2020 жылдың 7 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Мәскеу қалалық педагогикалық университетімен бірлесіп, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2018-2025 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын іске асыру аясында «Жаратылыстану-ғылыми білім беруде инновациялық білім берудің цифрлық технологияларын белсенді енгізу» тақырыбында жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-әдістемелік вебинары өтті. Вебинар ZOOM платформасында өткізілді.

 

Вебинарға Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің, Забайкаль мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы, аспиранттар, магистранттар және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Биология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, 1-2 курс магистранттары мен докторанттары қатысты.


Ғылыми-әдістемелік вебинар бағдарламасы аясында келесі баяндамалар жасалды:

- 1 курс PhD докторанты Улдахан Шыңғыс: «Виртуалды зертханалық жұмыстардың қол жетімді ресурстары»;

- МГПУ аспиранты, Серовайская Дэлина және Мәскеу облысының Лобня қаласындағы лицейдің биология мұғалімі Дьячкова Юлия «Цифрлық және басылым ақпарат құралдары биологияны оқытуда шығармашылық қабілеттерін дамыту құралы ретінде»;

- Мәскеу қаласының № 2126 мектебінің биология мұғалімі, бакалавриаттың 5 курс студенті Семенова Елизавета «Биологияны оқытуда электрондық ресурстарды пайдалану» тақырыбында сөз сөйледі;

- «8d01513-Биология» мамандығының 1 курс PhD докторанты Темирханов Бахытжан «Назарбаев мектебінде биология сабақтарында цифрлық ресурстарды пайдалану» тақырыбында сөз сөйледі;

- 2 курс магистранты Әубәкір Айдана «Биология сабақтарында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы» тақырыбында сөз сөйледі.

 

Вебинарды ҚазҰПУ-дың биология кафедрасының аға оқытушысы Әсия Майматаева аяқтады. Өз кезегінде ол барлық қатысушыларды қатысқандары үшін және біздің университетпен ынтымақтастық жасағандары үшін алғыс білдірді.

 

Вебинардың толық нұсқасын келесі сілтеме арқылы көре аласыз:

https://drive.google.com/file/d/1dUC5ocPfgM6epGZtwysA2GvgomhxLXzL/view?usp=sharing

 

      




Кері оралу