қазақша · русский · english
 
 
 
14.12.2020

Біздің магистранттар мен докторанттар ММПУ сертификаттарын алды


2020 жылдың 2-11 желтоқсаны аралығында Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің биология және физиология кафедрасының меңгерушісі Суматохин С.В. (Мәскеу) Абай атындағы ҚазҰПУ «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын магистранттар мен докторанттарға арналған «Биологияны оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі» тақырыбында дәрістер курсын оқыды. Аталған дәрістер курсы магистранттар мен докторанттарға болашақта өздерінің зерттеу жұмыстарын жүргізуге, педагогикалық іс-әрекеттерін жүзеге асыруда көптеген пайдалы ақпараттарымен құнды болды. Курс аяқталғаннан кейін белсенді, әрі дәріске тұрақты түрде қатысқан магистранттар мен докторанттарға Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің арнайы сертификаттары табыс етілді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу