қазақша · русский · english
 
 
 
17.02.2021

«Шетелде білім ал: Халықаралық бағдарламалар» вебинары

 

2021 жылы 15 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтының «Биология» білім беру бағдарламасының оқытушылары «Шетелде білім ал: Халықаралық бағдарламалар» онлайн-вебинарын өткізді.

 

Биология бөлімінің 1-4 курс студенттері мен оқытушылары қатысқан вебинарда шет елде білім алып келген жас оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, 2021 жылдың актуалды халықаралық бағдарламар түрлерін студенттерге таныстырды. Вебинарда «Академиялық ұтқырлық», «Қосдипломдық білім беру» мен «Erasmus+» және т.б. бағдарламалар жайлы ақпарат берілді.

 

Білімге құштар студенттер көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.

 

   

 

       




Кері оралу