қазақша · русский · english
 
 
 
13.10.2021

Республикалық зияткерлік сайыс

 

2021 жылдың 3-4 қазанында Жануарлады қорғау күніне арналған Республикалық зияткерлік сайыс ұйымдастырылып өткізілді. Қорытынды әрі марапаттау 10-12 қазан аралығында өтті.

 

Бұл іс-шараны Абай атындағы ҚазҰПУ және Алматы қаласы мәдениет басқармасының «Алматы хайуанаттар бағы» МКҚК-мен бірге ұйымдастырды.

 

Конкурстың мақсаты - мақсаты-шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі танытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстандағы білім берудің беделін арттыру. Іс-шара онлайн-режимде өткізілді.

 

Конкурсқа барлық орта білім беру ұйымдарының оқушылары мен ҚР жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері қатысты. Барлығы - еліміздің әр өңірінен 1123 адам: Қызылорда, Орал, Шымкент, Атырау, Тараз, Маңғыстау, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Алматы.

 

Конкурстың он сұрағына 70-ке жуық мектептің, гимназияның, лицейдің 800-ден астам оқушысы және жоғары оқу орындары мен колледждердің 300-ге жуық студенті және табиғатты сүйетіндер жауап берді. Мұндай іс-шара алғаш рет өткізілді. Ұйымдастырушылар конкурсты өткізуде белсенділік танытқан оқушыларға, студенттерге, сондай-ақ мұғалімдерге алғыс білдіреді. Конкурс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, ал 100-ге жуық жүлдегерлер дипломға ие болады.


Сертификат немесе диплом алу үшін сіз тікелей инстаграмға жазыңыз немесе +7 (701) 676-85-85 нөміріне хабарласыңыз.

 

Конкурс жетекшілері - доценттер Батырова К.И. мен Бекенова Н.А., аға оқытушы Шыныбекова Ш.С. және Алматы хайуанаттар бағының меңгерушісі Рахимова А.Р.

 

   




Кері оралу