қазақша · русский · english
 
 
 
08.04.2022

Ботаника және фитоинтродукция институтының мамандарымен кездесу


2022 жылдың 7 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ғылым онкүндігі аясында Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлерімен ғылыми семинар өтті. Бағдарламаның ғылыми жетекшісі, ҚР ЭГТРМ КЛХЖМ «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК геоботаника зертханасының меңгерушісі б.ғ.д. Лилия Димеева «Алматы облысының флорасы мен өсімдік ресурстарын кадастрлық бағалау бойынша зерттеу» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Ғылыми семинарға Жаратылыстану және география институты «Биология» ББ-ның профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттері қатысты.


Ғылыми семинарды ұйымдастырушылар - профессор Айдарбаева Д.К., аға оқытушы Джунусова Р.Ж. және оқытушы Джарлкапова С.Е.

 

   

 

   




Кері оралу