қазақша · русский · english
 
 
 
03.11.2022

Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті профессорының дәрістері

 

Абай университетінің Жаратылыстану және география институты биология кафедрасына Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті зоология және анатомия кафедрасының меңгерушісі, профессор Шахмурова Гүлнар Абдуллаевна дәріс оқуға келді.


2022 жылғы 1-5 қараша аралығында профессор Г. А. Шахмурова кафедра студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін 20 сағат көлемінде «Жас ерекшелік анатомиясы, филологиясы және гигиенасы» тақырыбында дәрістер оқиды, докторанттарға кеңес ретінде жоғары рейтингті журналдарға мақалалар жазу бойынша шеберлік сыныптарын өткізеді, институттың ғылыми өміріне қатысады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Жаратылыстану және география институты, «Биология» кафедрасы




Кері оралу