қазақша · русский · english
 
 
 
22.12.2022

Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысы

 

2022 жылғы 21 желтоқсанда Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының профессорлары Кунакбаев А.С., Бабашев А.М., Татаринова Г.Ш., аға оқытушылар ТашеноваГ.К., Отарова Н.И. және оқытушы Жарылқасынова Ж.М. Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Сыдық Абланов атындағы орта мектебінің бітіру сыныптарында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.


Кездесуге жоғары сынып оқушылары, сынып жетекшілері және мектеп әкімшілігі қатысты. Кездесу барысында 10-11 сынып оқушыларына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың институттары мен мамандықтары туралы көптеген ақпараттар берілді. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушылары бакалавриатты бітіргеннен кейін университеттің магистратурасы мен докторантурасында одан әрі оқудың кең мүмкіндіктерімен танысты.


Сонымен қатар, кездесуде Жаратылыстану және география институты бойынша ақпаратқа ерекше назар аударылды. Кездесу презентациямен және видеороликтермен жүргізілді. Мектеп оқушыларының ЖОО-да оқытудың кредиттік технологиясының қағидаттары, ақылы бөлімде оқу тәртібі, оқу грантын алу мүмкіндігі және академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелдік жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндіктері туралы сұрақтарына жауаптар берілді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу